Алматыдағы жер сілкінісінен кейін метро жұмысы уақытша тоқтатылды

фото: Алматы әкімдігі

Алматыда болған жер сілкінісінен соң қала метросы қауіпсіздік мақсатында жабылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Қазір ТЖМ мамандары метро нысанын толық тексеріп жатыр.

Тексеру аяқталған соң және ведомстводан ресми рұқсат берілгеннен кейін ғана жерасты көлігі қайта іске қосылады.