Тұрғындар енді зейнетақы жинағындағы қаражатқа көзін де емдете алмайды

Ел тұрғындары енді зейнетақы жинағындағы қаражатқа көзін де емдете алмайды. Отбасы банк шектеу қойды. Жаңа ереже бойынша жинаған соммаңызды стоматологияға да, офтальмологияға да пайдалануға рұқсат етілмеген. Бұған соңғы кезде көбейген заңбұзушылық себеп болған. Мұны естіген тұрғындар ашулы. Өз қаржымызды неге өзіміз пайдала алмаймыз деп дүрлігіп отыр. Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан тақырыпты әріптесім Аружан Задабек «Өзекті» айдарында тарқатады.

Қайырлы кеш, көрермен! Өзекті тақырыптарды жиып келдім. Бізбен бірге болыңыз.

Зейнетақы қорындағы ақшаны қайда жұмсай аламыз деген сауал біраз адамды мезі қылып бітті. Көбінің тілегі - өз еңбегімен жиған қаржыны өз еркімен пайдалану. Бірақ бізде бұған рұқсат жоқ. Алдымен, қыркүйекте қаражатты стоматологиялық қызметтерге жаратуға шектеу қойды. Осыдан кейін аяқ асты көз емдеткісі келетіндер саны күрт көбейген. {КТМ}: Сұраныс 7 есе артыпты. Бұл жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің назарына ілігіп, тексеріс жүргізді. Сөйтіп заң бұзушылық анықталған. Сонын салдарынан бүгіннен бастап қордағы теңгені пайдалануға қатаң шектеу енгізілді.

БЛИЦ:

- Өз ақшамызды өзіміз ала алмайтын болдық. Қолға берсе өзіміз керегімізді қолданамыз ғой.

- Неге бермейді өз ақшамызды? Дұрыс емес.

- Ол өз қаржысы. Қайда жұмсайды өзі біледі.

Елдегі өзгеріс бұл ғана емес. Әлеуметтік желіде қым-қиғаш талқыланып жатқан тағы бір тақырып – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Жыры бітпеген саланың тағы бір «әні» басталды. Енді МӘМС-ті төлемегендерге кредит берілмейді. Егер тұтынушының МӘМС бойынша қарызы болса, бұл оның несие қабілетін бағалауға әсер етеді. Яғни, кәдімгі несие алып, оны төлемеген секілді, сақтандыруға ақы бермесеңіз сіздің тарихыңыз нашарлайды. Сәйкесінше, осыдан кейін банктер теңге беруін тоқтатады.

БЛИЦ:

- МӘМС-тегі пайдаланбаған ақшаны қайтарсын онда. Қаралып жатқан жоқпын. Айына 10 мың ұстап отыр.

- Ауырып барсаң да қарап жақан жоқ.

- Ай сайын төлейді халық. Бірақ ақылы қызметке барады. Не үшін төлейміз? Қайта қайтарсын ақшамызды. Дәрігерге «запись» жоқ. Еріксіз ақылы қызметке барамыз.

Енді жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілер қайта емтихан тапсыруға жіберіледі. Яғни  тұрғындарға балл жазылуы мүмкін. Егер азаматтың балы шекті деңгейге жетсе, құзырлы орган оны қайтадан тексеріске жібереді. Оған бірнеше фактор себеп. Елде көбіне апатқа кінәлі жүргізушілердің 81 пайызы бұрын бірнеше рет жол қозғалысын бұзып, жауапкершілікке тартылған. Осы мәселені шешу үшін Бас прокуратура осындай шара қабылдап отыр. Бірақ тұрғындар бұл нормамен келіспейді.

БЛИЦ:

- Басқа проблема жоқ па? Тек жүргізушілерге тиіскендеріңді қоймадыңдар ғой.

- Мас болып жүретін, ременб әдейі тақпайтындарға болады. Ал жарық қоспай, ұмытып немесе белгінің жанында тұрып қалса, ол байқамай істеген ғой. Түк етпейді.

Құрметті көрермен, бүгінге осы! Келесі кездескенше.