“Арсенал” бапкері жұмысынан кетті

Қазақстандық маман Беларусьтің "Арсенал" клубындағы қызметін тоқтатты,-деп хабарлайды Astana TV Aladop.kz-ға сілтеме жасап. 

Дзержинск қаласының "Арсенал" клубы 36 жастағы Қазақстандық бапкер Сергей Якушиннің команда бас бапкері қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлады.

Сергей Якушиннің жетекшілігімен "Арсенал" маусымды 11-орында аяқтап, 33 ұпай жинады. Клуб басшылығы бапкер мен оның көмекшілеріне атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, келешек мансабында сәттілік тіледі.