Ақтөбе-халықаралық серіктестіктің жаңа орталығы

  • AstanaTV
  • 04 желтоқсан 2025

Ақтөбе әлемнің 20 мемлекетінен келген инвесторлар мен сарапшыларды жинаған халықаралық диалог алаңына айналды. Өңір экономикасын дамытуға серпін беруді көздейтін «AQTOBE INVESTMENT FORUM – 2025» форумы өз жұмысын бастады.

Ақтөбе жаңа инвестициялық тартылыс нүктесі болмақ. Оған- бүгінгі шара дәлел. Өңірге құйылатын капитал толқыны 400 млрд теңгеден асады. Бұл- басы ғана.

АСХАТ ШАХАРОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

400млрд тан астам бүгінгі күнгі меморандум және нақты келісімшартқа қол қойылады. Тағы да аталған жобалар жол картасы бекітіледі. Жалпы айтқанда аталған сомасы бізің өңірімізге құйылатын болады.

Форумға 40-тан астам шетелдік компанияның өкілі қатысуда. Олардың қатарында жетекші өнеркәсіп корпорациялары, технологиялық хабтар, даму институттары мен бірқатар халықаралық ұйымдар бар. Сондай-ақ 7 елдің елшілігі мен сауда өкілдіктерімен жеке кездесу өткізілмек. Шетелдік инвесторлар өңірдің климатына жоғары баға берді.

АЗИЗ БАБАДЖАНОВ, «MUREL ENERGY» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ:

Біз бұл форумға алғаш рет қатысып отырмыз, Қазір Ақтөбеде іске асырып жатқан инвестициялық жобамыз бар. Мұнда өте қолайлы, жағымды инвестициялық ахуал қалыптасқанын көріп қуанып отырмыз. Энергетика секторында біз шағын станция салып жатырмыз. Бірнеше газ қондырғысы орнатылуда. Қуаттылығы-10 МВт. Қазіргі таңда шамамен 7 миллион АҚШ доллары игерілді. Алдағы жарты жылдықта 110 млрд теңге құямыз.

Форум аясында бірнеше халықаралық меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Бұл келісімдер өңірге жаңа өндірістер, технологиялар мен капитал тартуға мүмкіндік береді. «AQTOBE INVESTMENT FORUM- 2025» өңірдің жаңа инвестицияларға ашық екенін көрсетіп, халықаралық серіктестікке жол ашпақ.