Қызылордалық Тоқтасын Шаймағанбетұлы - майдангердің ұрпағы

Қызылордалық Тоқтасын Шаймағанбетұлы -екінші дүниежүзілік соғыс ардагерінің ұрпағы. 1942 жылы әкесі майданға аттанып, 1945 жылы аман оралған. Алайда, 1 жыл өткенде ауырып,  көз жұмған. Әкесі дүниеден өткенде ол небәрі 2 айлық шақалақ екен. Анасының айтқан естеліктері 80 жастағы ақсақалдың әлі жадында сайрап тұр. Айтуынша, Шаймағанбет Қожахметұлы Ленинград шайқасы кезінде аяғынан жарақат алып, тұтқынға түскен. Қорлық пен азапты күндерді бастан өткізіп, аман қалған. Қан мен оқтың ортасынан тірі келген арыстай азаматынан айырылған жары сол кезеңде барлық құжаттарын күйінгеннен өртеп жіберіпті.  Бүгінде майдангердің ұрпақтары аталарының есімін мақтанышпен айтады. 

ТОҚТАСЫН ШАЙМАҒАНБЕТОВ, МАЙДАНГЕРДІҢ ҰРПАҒЫ:

Мақтан тұтамын. Ұлы Отан соғысына қатысып, еңбегі сіңді. Бірақ атағы шыққан жоқ. Себебі көп кешікпей ауырып қайтыс болғанының салдары шығар. Әйтпегенде осы ҰО соғысына қатысқан азаматтармен бірдей менің де әкемді жарыққа шағарар ма еді жазып. Құрметке бөленген жоқ.