Павлодарда «AMANAT» партиясы облыстық филиалының өкілдері мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті

Павлодарда «AMANAT» партиясы облыстық филиалының өкілдері   мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті. Жиын барысында олар өздерін толғандырған мәселелерін ортаға салып, оны шешу жолдарымен танысты.  Мақсат – мүгедектігі бар адамдардың қоғам назарынан тыс қалмай, ортада өзін еркін сезінуіне мүмкіндік жасау. Елімізде желтоқсанның үшінші жұлдызы  мүмкіндігі шектеулі жандардың атаулы мерекесі. Осыған орай  партия өкілдері оларды арнайы шақырып,  сый құрмет көрсеткен.

АСЫЛБЕК ТУҒАНБАЙҰЛЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл- атаулы дата осы кісілердің қоғамдағы қадыр қасиетін, құқығын білдіретін ерекше сәт. Осы сәтте ол кісілермен жүздесіп, қандай мәселелері бар,қоғам ылғы ол кісілерді тыңдауы керек, құлақ асуы керек. Мүмкіндік жасауы керек.

МАҚСАТ СЕРІКОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:

Мүгедектік ол адамның басында. Егер ол өзі жұмыс істеймін десе, ол әрбір адамның қолынан келеді. Қандай жұмыс болсын. Сурет сала ма, осы өмірде өз-өзін табу әркімнің қолынан келеді деп ойлаймын. Ол тек ғана адамның өзіне байланысты. Еңбек етіп, жұмыс істесе,  ол ешқандай шектеулік деген жоқ адамда.