Оралда мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін би үйірмесі ашылды

Оралдық мүмкіндігі шектеулі азаматтар  бимен  айналыса алады. Олардың бұл талабын "AMANAT" партиясының облыстық филиалы қолдап, "Кедергісіз келешек" жобасы аясында "ErkinBi" (Еркін би) би үйірмесі ашылды. Мұндағы мақсат - мүгедектердің шығармашылықпен шұғылдануына жол ашып, би арқылы өзін еркін сезінуге мүмкіндік беру. Өйткені олар осында келушілердің арасынан жаңа достар тауып, қоғамға бейімделуі жеңілдейді. Кәсіби хореографтардың бірі үйірмені тегін жүргізуге келісім беріпті. Әзірге би үйренуге 15 адам ғана ықылас білдірсе де, болашақта олардың қатары көбейе бермек. Өйткені үйірме тегін, әрі инватаксимен қатынайды.

АЗАМАТ САФИМАЛИЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Біздің партиямыздың өзіміздің жобамыз бар - "Кедергісіз келешек". Сол жерде жыл ішінде партиямызбен үлкен сайыстар өтеді. Тең мүмкіндіктер сайыстары өтеді. Кеше біздің балаларымыз Астана қаласына "Тең мүмкіндіктер" сайыстарына қатысып, үш ауданның балалары қатысып келген болатын. Партиямыз әрқашанда осы азаматтармен біргеміз. Барлық жағдайын, ыңғайын жасауға әрқашан да жұмыстанатын боламыз.