«Кітап оқитын ұлт» жобасында ұстаздар қауымы алдыңғы орында

Тобыл өңірінде «Кітап оқитын ұлт» ағартушылық жобасы кең ауқымда жүзеге асып жатыр. Білім сайысында  ұстаздар қауымы өзгелерге өнеге көрсетуде.

Облыстың он бір мыңнан астам педагогы пилоттық жобаға қатысуда. 3 айдың ішінде 15 кітап оқып шыққандар көп.Кітапқұмарлар көшін Бейімбет Майлин ауданының ұстаздары бастап тұр. 500-ге жуық мұғалім игі бастаманы қолдап отыр. Олардың көбі тізімдегі туындыларды түгел оқып бітті. Ұлағатты ұстаз Жазира Ибраева тез кітап оқудың амал-тәсілін айтты.

ЖАЗИРА ИБРАЕВА, МҰҒАЛІМ:

Мен мектеп жасынан кітапты көп оқыдым.Өйткені біз қазақ тілі мен әдебиетті тереңдетіп оқыдық. Қазақ тілі мен әдебиет пәні апайымыз өте талапшыл болды.Сол кісінің арқасында мен мектеп жасынан кітап көп оқыдым.Сол себепті бұл кітаптар маған қиын болған жоқ.