Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығармашылық ұжымдары қауымдастығының Арт форумы өтті. Іс-шарада өңірлік мәдени жобаларды қолдау және қауымдастықтың келесі жылға арналған жұмыс жоспарын үйлестіру мәселелері талқыланды.Форум аясында мәдениет саласының жетекші қайраткерлері қатысқан панельдік сессия ұйымдастырылды. Алдағы уақытта қатысушылар кескіндеме, хореография, театр өнері және халықтық ән салу бойынша өткізілген практикалық шеберлік сабақтарына қатысып, жаңа әдістемелермен танысады.
СЕРІК СЫЗДЫҚОВ, ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН МУЗЫКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ – МУЗЫКА МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Екі күндік жақсы бағдарлама жоспарланған. Тәжірибе, ой алмасы деген өте керек дүние, бұл өзара шығармашылық бәсекелестікті туындататын және де жалпы халыққа ҚХА-ның шығармашылық ұжымдарында бір ізділікті жасау үшін, бір жүйеге келу үшін, бір идеологияны қолдану үшін, мұндай кездесулер өтіп тұрғаны дұрыс деп санаймыз.
НҰРЖАН СЕРТЕКОВ, ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ӨНЕР КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:
Майқы би айтқан бабамыздай "Бірлік түбі береке",- деп, сол берекемізді нығайтып, бірлігімізді күшейтіп алға қадам басу. Баршаңызға белгілі жаһандық дәуірімізде қай елден де артта қалмай, береке-бірлікпен алға қадам басу. Бұл соған орай жасалып жатқан игі қадам.