Алматыда 3 баллдық жер сілкінісі тіркеліп, халық жаппай қаладан кетіп жатыр

Алматыда 3 баллдық жер сілкінісі тіркеліп, халық жаппай қаладан кетіп жатыр. Қатты дүмпудің ошағы мегаполистен оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым жерде Қытай аумағында болған. Бірақ бұл жағдай алматылық тұрғындарға қатты сезіліп, ескерту жасалды. Жер сілкінісінен зардап шеккендер жоқ. Ешқандай нысанға да зақым келмеген. Бірақ біршама тұрғын қаладан кетіп жатыр. Нәтижесінде оңтүстік астанада 7 баллдық кептеліс орын алуда.

ЕРІК ӘЛІПҰЛЫ, «СЕЙСМОЛОГИЯЛЫҚ БАЙҚАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУЛЕР ҰЛТТЫҚ  ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қалыптасқан сейсмикалық жағдайды талдай келе, 2025 жылғы 4 желтоқсанда сағат 15:00-дегі Алматы болжау полигонында сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атап өтеміз. Алматы болжамдық полигонында аумағында MS-64К сейсмикалық шкаласы бойынша қатты жер сілкіністері күтілмейді.