«Инватакси» қызметін тәулік бойы пайдалана алады

Фото: pixabay

«Инватакси» қызметі 2 215 мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін түнгі уақытта да қолжетімді болды

Алматы қаласында «Инватакси» қызметін тұтынушы, мүмкіндігі шектеулі 3100 адамның 2215 адамы белсенді пайдаланушылар болып табылады.

Прокуратураның талдау нәтижесі пайдаланушылар тасымалдауға тек күндізгі уақытта ғана қол жеткізе алатындығын, ал түнгі уақытта бұл қызмет қолжетімсіз екенін көрсетті.

Уақыттың шектеулігі азаматтар үшін кешкі және түнгі мезгілде, мысалы, медициналық мекемелерге бару, шұғыл жағдайларда немесе қоғамдық өмірге қатысуда айтарлықтай қиындықтар туғызған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган шарттарға қосымша әзірленген келісімдерге қол қойды, «Инватакси» қызметі 2 215 мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін түнгі уақытта да қолжетімді болды.

Қабылданған шаралар нәтижесінде, аталған қызметке тең қолжетімділік қамтамасыз етілді, әлеуметтік әділеттілік қалпына келтірілді.