«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, бүгін, 5 желтоқсанда, еліміздің алты қаласында атмосферада ластаушы заттар шоғырланады.
Бұл зиянды қоспалардың жер бетіндегі ауа қабатында таралмай, жиналуына әсер ететін қолайсыз ауа райы факторларының үйлесуіне байланысты.
«2025 жылғы 5 желтоқсанда Орал, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жезқазған, Балқаш қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.