Елдің басым бөлігінде тұман, көктайғақ болады

Фото: pixabay.com

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады – жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

Елдің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ болжанады.

Кезең соңына қарай Жаңа Жер аралдары ауданынан республиканың батысына арктикалық антициклон жылжып келеді, ол кейін республика аумағы арқылы өтіп, ауа температурасының айтарлықтай төмендеуін әкеледі.

Осылайша, 8 желтоқсанда солтүстік-батыста 5-13 градус аяз, солтүстікте 10-15 градус аяз, әрі қарай температураның төмендеуі күтіледі.