Каспийді тереңдету жұмысы келесі жылы басталады

Фото: Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады Соңғы жылдары Каспий теңізінің су деңгейінің төмендегені белгілі, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Осыған орай, «МАЭК» ЖШС-нің каналы арқылы жеткізілетін су мөлшері азайған. Нәтижесінде кәсіпорын қызметі шектеліп, қала тұрғындарын үздіксіз ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз ете алмау қаупі туындады. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Н.Қилыбайдың Ақтау қаласы тұрғындарымен кездесуінде қала әкімі Әбілқайыр Байпақов айтты. 

— Осыған байланысты, қала әкімдігі 2023 жылы жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады. Аталған мәселе бойынша Ақтау қаласының әкімдігі каналды тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін жоба жасақтаушы мекемені анықтап, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Аталған жұмыстар 2026 жылы басталып, 2 кезеңде жүзеге аспақ, — деді Әбілқайыр Байпақов.