Елде заңсыз диплом әзірлеген 20 сайт анықталды. Бұл интернет-ресурстар 46 жалған құжат дайындап, оны қолданысқа жіберген. Заңбұзушылық анықталғаннан кейін тиісті ведмоство шара қолдануға көшті. Енді дипломдар арнайы модуль арқылы тексеріледі. Яғни жұмыс беруші сіздің білім қағазыңызды QR код пен бірегей нөмір арқылы анықтайды. Ол болмаса құжат жарамсыз деп танылады.