Ақтөбеде ата-баба аманатын жаңғыртатын көркем рухани мереке өтуде. Дәстүрлі «Сыбаға» этнофестивалі екінші жыл ұйымдастырылып отыр. Жас буынның жүрегіне ұлттық құндылық сәулесін себетін ерекше шара өңір жұртшылығына ауқымды бағдарлама ұсынды.
Фестивальдің ашылу салтанатында ұлттық өнер мен сән, әуен мен тарих тоғысты. Ғасырлар үнін жеткізер көне аспаптар көрмесі, Отандық және шетелдік шеберлердің қолтаңбасын танытатын шеберлік сағаттары, этно стильдегі сән көрмесі ұйымдастырылды. 70 жастағы Рабиға Есболатоваға қолөнер әжесі мен анасынан дарыған.Текемет, киіз басатын шебер жүннен замануи киім де тігеді.
РАБИҒА ЕСБОЛАТОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ:
Қандай керемет ләззат береді. Мынаның бәрін істеп отырғанда тек жақсы оймен отырасың. Мынаны кестелеп отырып, ойланып отырасың. Неше түрлі жақсы оймен.бұл-қолөнер деген адамға тек қана жақсы позитивный көңіл-күй сыйлайды. Мынаны тымырайып, үндемей отырып, жасай алмайсың, шаттанып отырып жасайсың. Себебі соңында не болып шығар екен депсоның бәрін ойлап отырасың.
Шара ауыл-аймақтарда да өтіп жатыр. Мұқтаж жандарға соғым сыбағасы таратылып, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетілуде. Бұл- ұлт бірлігін бекемдейтін шара, дейді ұйымдастырушылар.
ӘЛІБЕК БАЙНЕШОВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ:
Прогресс қанша дамығанымен біздің ұлттық дәстүрімізді, ұлттық құныдылықтарымызды дәріптеуіміз керек, соны бүгінгі күнмен байланыстыра, сабақтастыра отырып, осындай 3 күндік үлкен шара өткізіп жатырмыз. Ағалы-інілі дейміз, үлкенді-кішілі және мұқтаж жандарға арналған «сыбаға», соғым тарату рәсімі. Сонда барлық мұқтаж, қажетті азаматтарға облыс көлемінде аудан орталықтарында бапрлық жерде таратқан жай бар.
Фестиваль 3 күнге жоспарланған. Әр күннің өз тақырыбы бар. Ұлттық тағамдар көрмесі мен ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар да ұйымдастырылмақ.