СҚО-да Орталық Азиядағы ең үлкен сүт фермасы салынып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы заманауи сүт фермаларын дамытуда ел бойынша көш бастап келеді. Өңірде қазір 110 сүт-тауар кешені жұмыс істеп тұр. Бұл- елдегі сүт өндірісінің шамамен 30 проценті. Ал биыл аймақта тағы 8 кешен іске қосылмақ.

Солтүстік Қазақстан облысы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді  мақсат еткен.  Небәрі 10 айдың қорытындысы бойынша өңір экономикасының өсім көрсеткіші 13 пайызға жетті. Осының барлығы ауыл шаруашылығына тартылған инвестицияның  арқасы, - дейді өңір басшысы.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Бізде қазақстандық астықтың төрттен бір бөлігі(24,8%),майлы дақылдар(23,6%)және сүттіңоннан бір бөлігі(10,2%)өндіріледі. Өсімдік шаруашылығында жоғары нәтижелерге қол жеткізілді: 4,3 млн. Гектар алқап жиналып, майлы дақылдар алқабы 1млн.гектарға дейін өсті. Бұл – елдегі ең жақсы көрсеткіш.

Сүт шаруашылығы демекші, осы сала соңғы кезде облыстың басты мақтанышына айналған. Дегенмен, өңірде жеткен жетістіктермен тоқтап қалмай, инвестиция тарту мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету жұмысын одан сайын күшейтілуде.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Сүт бағыты белсенді дамып келеді. Облыс заманауи сүт кешендерін енгізу бойынша көшбасшы орынды сақтауда. Өңірде 110 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді. Бұл Қазақстандағы барлық 373ферманың 30% құрайды. 2023-2024 жылдары елімізде салынған 58жаңа сүт-тауар фермаларының 21-і біздің облыста іске асырылды. Биыл тағы 8 заманауи кешен қосымша енгізіледі.

Айта кетейік, өңірдегі өндірілген Жалпы Өнім Көлемі 873,3 млрд теңгеге жетті. Ал ауыл шаруашылығында берілген жеңілдетілген несие көлемі 161 млрд теңгеге жуықтап, рекорд орнатылды.