Алматыда Халықаралық волонтерлер күніне форум ұйымдастырылды. Іс-шараға түрлі әлеуметтік және экологиялық бастамалардың өкілдері, жастар ұйымдары мен волонтерлік бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Қаладағы 40-тан аса ұйым мен 50 мыңнан астам белсенді жас еріктілер қозғалысының дамуына үлес қосып жүр.
Халықаралық волонтерлер күніне арналған форумда әлеуметтік, экологиялық және инклюзивті бастамалар таныстырылып, үздік еріктілер марапатталды. Шара жастар саясаты басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып, волонтерлік ұйым өкілдерін біріктірді.
АЗИЗ КӘЖДЕНБЕК, ҚАЛАЛЛЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Жаңа бір цифровой тиын ойлап тауып жатырмыз. Ол тиынның аясында волонтерлар өз рейтингін өсіріп мысалы жоғары оқу орындарына түсу басқа унивеситеттерге халықаралық университеттерге түсуге мүмкіндік алатын болады. Одан бөлек біздің партнерларымыз. Кофе ішу тамақтану орындарына бәріне жеңілдіктер беретін болады.
Бүгінде Алматыда 40-тан астам волонтерлік ұйым белсенді жұмыс істейді. Жалпы 50 мыңнан астам ерікті түрлі бағыттағы шараларға тұрақты түрде қатысып, қоғамға үлес қосып жүр.
АЛИЖАН НҮСІПХАН, ВОЛОНТЕР:
Жалпы осы волонтерлікпен айналысып жүргеніме 1 жылдан асты. Негізінде басында волонтерлік іспен айналысу маған ұнамаған. Бірақ уақыт өте келе ең бірінші рет проектке барып көргенде танысып не екенін білгеннен кейін ұнап бастады. Ең ұнайтыны ол үлкен проекттерді үлкен ивенттерді. Ішкі процестерді көру.
Мұндай қолдау жастардың белсенділігін арттырып, жаңа қатысушыларды ынталандырады. Волонтерлік мәдениет Алматыдағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға айтарлықтай әсер етіп келеді.