Елордада «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы биылғы қызметінің қорытындысын шығарды. «Жас Сарбаз» 8 мыңнан астам клуб пен сыныпта тәрбиеленіп жатқан 286 мың жас патриотты біріктіреді. Ал соңғы жеті жылда ұйым 1,5 миллионнан астам баланы қамтыған 2 мыңнан аса іс-шара өткізген. Іс-шара барысында үздік өңірлік төрағалар марапатталды.
ТІЛЕУХАН БАСҚОЖАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ИДЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Жас сарбаз бұл халықаралық 10-нан астам турнирлар бар. Интелектуалды, шахматтан чемпионат, математикадан одан басқа триатлоннан физикалық жетістіктер мен жеңімпаздар бар. «Жас Сарбаз» деген осы азаматтар.
«Жас Сарбаз» қозғалысына еліміздің кез келген өңірінен жас жеткіншектер мүше бола алады.
АЙДОС САМАРҚАН, «ЖАС САРБАЗ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Осы жылы көп шет мемлекеттер мен көрші мемлекеттер де қонақтар келген болатын. Солармен біздің жас сарбаздар сайысқа түсіп, көп тәжірибе жинады. Қазіргі таңда да Қазақстан бойынша жиырма облыста да әртүрлі патриоттық жобалар ұйымдастырылуда. Бізде жылда Абай облысында "Жас сарбаз барысы" ұйымдастырылады.