Халық ақынының бастамасымен ашылған өнер ордасына 25 жыл

Қостанайдағы «Өнер» шығармашылық үйіне 25 жыл толды. Ахаң атындағы университет  қабырғасында ашылған өнер ордасынан талай талантты студент түлеп ұшты. «Өнер» шығармашылық үйі  Әсия Беркенованың бастамасымен ашылған.Өнер ордасына халық ақыны ширек ғасыр жетекшілік етіп келеді. 25 жылда талай таланттың талабын ұштап, дарынды студенттердің жолын ашты. Осы уақыт аралығында 120 түлекке сертификат берілген. Олар облыстың түкпір-түкпіріндегі мәдениет ошақтарында еңбек етіп жүр. Шығармашылық үйінің 25 жылыдыған орай түлектердің ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті.  

ӘСИЯ БЕРКЕНОВА, ХАЛЫҚ АҚЫНЫ:

Менің мақсатым бойында табиғи берген өнерлері бар, бірақ өнер маманын таңдамаған студенттердің дарынын ашу еді.Сондықтан осы студияны ашып қазір шығармашылық үйіне айналдырдық.Хореография,  вокал, домбыра сыныбы бар.Кезінде ақындық, көркем сөз шебері классы да болды.