Жамбыл облысында құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған бірлескен рейд өтті

Жамбыл облысында "Заң мен тәртіп" іс-шарасы аясында ПД мен ҚАЖД қызметкерлері бірлескен профилактикалық жұмыс жүргізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысы полиция департаментінің №1 полиция бөлімі мен Жамбыл облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №2 Тараз қалалық пробация қызметі "Заң мен тәртіп" республикалық профилактикалық іс-шарасы аясында бірлескен жұмыс атқарды.

Іс-шара барысында пробациялық және профилактикалық есепте тұрған тұлғалармен жеке профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, олардың саусақ іздері мен фотосуреттері жаңартылды. Жаңартылған мәліметтер орталықтандырылған деректер базасына енгізілді. Бұл шаралар деректердің өзектілігін қамтамасыз етіп, құқық қорғау органдарының жұмысын жеделдетуге бағытталған. Сонымен қатар іздеуде жүрген азаматтарды анықтау және олардың орналасқан жерін белгілеу мақсатында тиісті шаралар күшейтілді. Рейд барысында қызметкерлер аталған санаттағы тұлғалардың тұрғылықты және жиі болатын орындары тексеріліп, қажетті процессуалдық әрекеттер жалғастырылуда. Құқық қорғау органдарының өкілдері мұндай бірлескен профилактикалық іс-шаралар қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және пробациялық бақылауда тұрған азаматтардың міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Іс-шара қорытындысы бойынша бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.