Тараптар атысты бір-бірінен көріп, өзара айыптап отыр, деп хабарлайды Astana TV.
Таиланд мәліметінше, қақтығыс кезінде 2 сарбаз қаза тауып, 4 әскери жараланған. Камбоджа болса, оқ атудан 3 бейбіт тұрғын зардап шеккенін хабарлады.
Екі ел арасындағы шекара дауы жылдар бойы шешілмей келеді. Соңғы ірі қақтығыс шілде айында болып, 5 күнге созылған еді. Ол кезде екі жақтан ондаған адам қаза тапқан.
Кейін тараптар Малайзия мен АҚШ-тың араағайындығымен атысты тоқтату туралы келісімге келген.