Атырау облысының тұрғыны досын абайсызда атып өлтірді. Қайғылы оқиға Қызылқоға ауданына қарасты Аққора елдімекенінде болған. Полиция мәліметінше, екі ер адам аң аулауға шыққан. Құзырлы орган олардың ішімдік ішкенін растап отыр. 39 жастағы азамат сол жерде жан тапсырды. 36 жастағы күдікті қазір тергеу абақтысында. Полицейлер қылмыстық іс қозғап, оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр.