Шри-Ланкадағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 627-ге жетті

Фото: NurPhoto/Krishan Kariyawasam

Шри-Ланкада «Дитва» дауылының салдарынан болған су тасқыны мен лай көшкінінен 627 адам қаза тапты, 190 тұрғын жоғалып кеткен, деп хабарлайды Astana TV.

Елде төтенше жағдай жарияланды. Табиғи апат 25 ауданға әсер етіп, шамамен 2 миллион адам зардап шекті. Мыңдаған үй зақымданған, эвакуация жалғасуда. Үкімет зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жөнелтуді бастады.

Алдын ала есеп бойынша, шығын көлемі 7 млрд долларды құрайды.