Астанада өрттен зардап шеккен бес баланың біреуі ауруханада қайтыс болды. Қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде бірінші қабаттағы қосалқы бөлмеден өрт шыққан. Салдарынан өзге пәтерлердегі тұрғындарға иіс тиіп, бір ересек адам мен бес бала ауруханаға жеткізілген. Қазір тағы бір баланың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
АҚБАЯН АРАПШАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Барлығы бірден анестазеалогия және реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне емделуге жатқызылды. Өте ауыр жағдайда түскен балалардың бірі көрсетілген реанимациялық шараларға қарамастан, өкінішке қарай көз жұмды. Бүгінгі күні 3 балада оң динамика байқалып, олар бейінді бөлімшелерге ауыстырылды. Бір бала әлі де ауыр жағдайда.