Ұлттық банктің ақпаратынша, келер жылы базалық ставка бойынша 8 шешім қабылдау жоспарланып отыр, оның 4-уі болжам раунды нәтижелеріне сай қабылданады, деп хабарлайды Astana TV.
«Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді», - делінген хабарламада.
2026 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер мына күндері жарияланады:
- 23 қаңтар;
- 6 наурыз;
- 24 сәуір;
- 5 маусым;
- 24 шілде;
- 4 қыркүйек;
- 23 қазан;
- 4 желтоқсан.