Жетісуда «Жұмысшы жастар аманаты» форумы өтті. Еңбек адамдарының беделін көтеруге арналған шараны «АMANAT» партиясы ұйымдастырған. Форум барысында жас мамандар ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика және өндіріс салаларындағы тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, үздік жұмысшыларға алғыс хаттар табысталды. Ал жиын соңында жастарды кәсіби дағды қалыптастыруға, жаңа технологияларды меңгеріп, еңбек мәдениетін дамытуға шақырды. Айта кетейік, қазір Жетісу өңірінде 14 пен 35 жас аралығында 191 962 жас бар.
АРУНА КЕНЖЕХАНОВА, «АҚСУҚАНТ» ҚАНТ ЗАУЫТЫНЫҢ ЗЕРТХАНА МЕҢГЕРУШІСІ, "ҮЗДІК ЖАС ЖҰМЫСШЫ" КӨШБАСШЫ 2025:
Бүгінгі форумның бізге жастарға берері, яғни ол еңбек адамының Қазақстанның экономикасына, дамуына және адамның өзінің жеке дамуына қандай өзгеріс, серпіліс беретінін анықтайтын шара деп есептеймін.
ҚУАНЫШ САЙЛАУБАЙ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢТӨРАҒАСЫ:
Бізде жұмысшы мамандықтарында оқып жатқан студенттеріміз бар. Сол кісілерге түрлі саладағы қызметкерлерді өндіріс пен зауыттарда белгілі бір дәрежеге қол жеткізген. Белгілі бір деңгейде қызметте отырған қызметкерлерді шақырту арқылы өздерінің жалпы, жұмыс барысы, сол деңгейге қалай жетті осы күнде қандай қызмет атқарып жатыр соның бәрін толықтай түсіндіру болып табылады.