Қазақстан велоспорт федерациясы жылды қорытындылады

  • AstanaTV
  • 08 желтоқсан 2025

2025 жыл  Қазақстан велоспорт федерациясы  үшін табысты болды. Биыл спортшылар 36 халықаралық медаль жеңіп алған, оның 14-і - алтын. Федерация өкілдері UAE Team ADQ әйелдер командасымен ынтымақтастық келісіміне қол қойған. Жылды қорытындылау шарасында   үздіктерге сый-құрмет жасалды.  Жылдың үздік жас спортшысы Глеб Новиковке «Алтын дөңгелек» табысталды. 

РАЙЫМБЕК БАТАЛОВ, ҚАЗАҚСТАН ВЕЛОСИПЕД СПОРТЫ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Биыл атқарылған жұмыс көп. Біз балалардың велоспортқа деген қызығушылығын арттыру үшін ауқымды шаралар жүргіздік. Осы кеште 3-5 жас аралығындағы балаларды марапаттаймыз. Енді жүруді үйренген балалардың велоспортқа қызығуы бұл жақсы үрдіс. Сонымен қатар биыл алғаш рет елімізде ұлттық чемпионат өтті. Және біз ауыл аймақ пен кіші қалалардағы велоспортқа ерекше көңіл бөлудеміз.