ҚР-да көлік саласының цифрлық трансформация картасын бекітті

ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин Үкімет отырысында көлік саласын цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ол Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Көлік министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп көлік саласының цифрлық трансформация картасын бекіткенін атап өтті.

Құжатта нақты мақсаттар қойылды:

2027 жылға дейін 10 халықаралық әуежайда биометриялық сәйкестендіруді іске қосу;

теміржол бағыттарының 55%-на интеллектуалды жүйелер енгізу;

2029 жылға қарай автокөлік өткізу пункттерінде «жасыл дәлізді» толық енгізу.

«Бұл шаралар шекарадан өту уақытын қысқартып, жүк пен жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартады және транзиттік әлеуетті күшейтеді», — деді Ростислав  Коняшкин.