Отандастарымыз Славениядан басым түсті
Шайбалы хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының IА дивизионындағы үшінші матчта Қазақстан құрамасы француздармен шеберлік байқасады.
Антон Васиннің шәкірттері бұған дейін жерлестеріміз Словениямен кездесті.
Ойын барысында отандастарымыз бірде бір шайба, бірде екі шайба айырмасымен артта қалып отырды.
Үшінші кезеңде қазақстандықтар есепті 4:4 қылып теңестіре алды. Ал буллит сериясында Әлішер Сәркенов дәл соққы жасап, ұлттық құрамаға жеңіс сыйлады.
Осылайша Қазақстан құрамасы Словениядағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.