"Ақылы жол уақытша тегін болады" – ҚазавтоЖол

Қазақстанда 350 шақырымға жуық ақылы жол   тегін болады. Бұл учаскелерде  кемшіліктер анықталған. Жұмыс тобы  тексеру нәтижесін жариялады.  Қазір ол Автомобиль жолдары комитетінің қарауында. Жауаптылардың айтуынша, ақысыз режим 1 қаңтардан  бастап енгізіледі. Бұл әрине уақытша.  Көктемде  ақаулар анықталған  учаскелерде жөндеу жұмыстары басталып, инфрақұрылым қалыпқа келтірілген соң төлем қайта енгізіледі.  

ДАРХАН ИМАНАШЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Аталған тізім өкілетті орган  Автомобиль жолдары комитетіне жіберілді. Қазіргі уақытта үйлестіру жұмыс жүргізіліп жатыр. Алдағы құрылыс маусымында аталған учаскелерде жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделіп отырғанын тағы да қайталап айтқым келеді. Пайдалануға берілгеннен кейін аталған учаскелерді қайтадан ақы алына бастайды.