Қазір баланың анасы іздестіріліп жатыр
Түркістан облыстық полиция департаментінің ақпаратынша, қылмыстық іс қозғалған,-деп хабарлайды Astana TV.
Қазір анасын жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеуде, сондай-ақ жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және ықтимал куәгерлермен сұхбат жүргізуде.
Бұдан бөлек, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексерілуде.
Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.