Астанада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

фото: pixabay

Қалалық білім басқармасы хабарлама таратты 

Бүгін Астанада ауа райына байланысты 0-4 сынып оқушылары үйден оқиды,- деп хабарлайды Astana TV.

- 2025 жылғы 10 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - делінген хабарламада.