Алматыда бір түнде 58 жол апаты болды

Фото: Алматы полициясы

9 адам зардап шеккен 

Алматыда ауа райының қолайсыздығына байланысты жол-көлік оқиғасы көбейген,-деп хабарлайды Astana TV.

9 желтоқсан сағат 20:00–ден бүгін сағат 06:00–ге дейін Алматыда 58 жол-көлік оқиғасы тіркелді.  9 адам жарақат алған, қаза тапқандар жоқ. 

-Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқарып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр. Патрульдік полиция экипаждары барлық шақыртуларға жедел шығып, жол-көлік оқиғаларын рәсімдеуде және көшелерді қардан тазарту мен жолдарға арнайы өңдеу жұмыстарын жүргізіп жатқан коммуналдық қызметтерге көмек көрсетіп жатыр, - деп хабарлады полиция департаменті.