Астанада комиссариат денсаулығы жарамсыз жігітті жұмыс орнынан әскерге күштеп әкеткен. Бұл видео әлеуметтік желіде тарап, қоғам арасында наразылық тудырды. Қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысты пікір білдірді. Министрдің орынбасары Қаныш Әбубәкіров ведомство ешкімді қинап алып кетпейді дейді. Алдымен SMS жіберіледі. Ал азамат хабарламаны елемесе Ішкі істер министрілігі оны заңбұзушылық деп тіркеп, кез-келген жерден алып кетуіне құқығы барын айтты.
ҚАНЫШ ӘБУБӘКІРОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Әскерге келуге міндетті әскерге шақыртушыны ұстады. Оны апарып, департаменттен тексеруден өткізген кезде оның денсаулығында ақаулық бар екені шешіліп,оны жергілікті өзінің тұрғын орынана қайтадан көмек көрсетуге жіберілді.