Жетісу облысы Панфилов ауданында кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған «E-Bakylau» цифрлық жүйесі енгізілді.
Жүйе педагогтарға балалардың мектептегі бейімделу көрсеткіштерін күнделікті тіркеп, зорлық-зомбылық немесе немқұрайлылық белгілерін тексеруге мүмкіндік береді.
Бағдарламаның басты мақсаты - балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен зорлық-зомбылықтың алдын алу.