Атырау облысында бұралқы иттер малды қырып жатыр

Атырау облысында бұралқы иттер малды шетінен қырып жатыр. Екі айдан бері Жылыой ауанының бірнеше ауылы мен Құлсары қаласында  қаңғыбас иттер қой-ешкіге қайта-қайта шауып, жаралап, өлтіріп кеткен. Қорасын торыған ауылдағы ағайын ұсақ жандықсыз қалудан бөлек, адамды талап тастай ма деп қауіптеніп отыр. Талап Балғынбаевтың ауласындағы 22 қойдың біреуі де қалған жоқ.  Таңға таяу көршінің ашық тұрған ауласы арқылы кірген бірнеше ит бейнекамераға  түсіп қалыпты. 10 шақты жылдан бері асырап отырған малынан айырылып, қорасы бос қалды. 

ТАЛАП БАЛҒЫНБАЕВ, ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жалпы 22 бас, оның 12-сін кәдімгідей өлтіріп кеткен. 10-ы тірі қалған, бірақ пайдаға аспайды.  Біреуін сойып қарап едік, аяқтарын, сіңірлерін үзіп жіберген.  Мал болмайды. Мал аяғынан тұрып кете алмайды, емдеуге келмейтін болған соң сойып тастадық. Ит атылмайды, әлі де жүреді. Шығын өтелмейді деп айтты ғой,  ветдәрігерлер келгенде. Табиғи апат емес, иттің шапқаны.   

Қызыл қой жаны қиналғаннан мынаны сындырып,  былай қарай қашқан. Бірақ сонда да өлііп қалған. Таңертең келсем, бәрі теңкейіп жатыр.Мынаған бір шара қолданайық әкімшілік. Мына иттерді жоқ қыласыздар ма? Мынау масқара ғой. 

Алайда Жылыой ауданы басшылығы  нақты қанша үйдің қанша малы қырылғанынан әлі бейхабар. Санақ жүргізбеген. Әр тұрғын ит пен малына өздері ие болсын,- деп отыр.  

ЕРЛАН НҰРЛАНОВ, ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ ӘКІМІНҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жеке кәсіпкер  итті аулайын десе, әркім шарбағына байлап қояды.  Кеткеннен кейін қайтадан жіберіп қояды. Сол себептен  әр азамат бағып отырған итіне ие болу керек. Сол сияқты малдарды жарақаттап жатыр дейді, басқа дейді әркім ауласындағы жануарларына ие болу керек.  Сақтық шараларын жасау керек. Кастрация, стрелизация жасалғасын иттерге  оларда да иттің жануар ғой, психологиясына әсер етуі мүмкін, сол себептен  шауып отыр деген.