Мектептер мен балабақшалар ескертусіз тексеріледі

Жаңа жылдан бастап мектептер мен балабақшалар ескертусіз тексеріледі. Мемлекеттік қадағалаудың жаңа тетігі республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдарға қолданылады. Тексеріс ұйымдардың қызметі басталар алдында немесе одан кейін де жүргізіле береді. Бұл қадам заңбұзушылықты жедел анықтап, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. 

НАСЫМЖАН ОСПАНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Кенеттен тексерулерді енгізу балалардың қорғалуын, мемлекеттік бақылауды күшейтеді. Енді уәкілетті орган нақты бұзушылықтар туралы сигнал түскен жағдайда өз шешімімен тексеру тағайындап, нысанға дереу шыға алады. Сигнал түскен кезде нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

Кенет тексерулерден соң бірден айыппұл салынбайды. Алдымен кемшіліктерге нақты ұсыныстар беріледі. Орындалмаған жағдайда шара қолданылады. Жаңа норма 2026 жылдың 1-ақпанынан бастап күшіне енеді.