Қостанай облысында қоқыстың тек 27,6 пайызы өңделеді

Қостанай облысында қоқыстың тек 27,6 пайызы өңделеді.  Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі елімізде  өзекті. Мамандардың айтуынша, жыл сайын жиналатын 4,5 миллион тонна қалдықтың тек 30 пайызға жуығы ғана кәдеге жаратылады. Қалған бөлігі қоқыс полигондарына жіберіледі. 

Қала шетіндегі полигонда қалдық көлемі көбейген сайын  мамандар дабыл қағады. Аймақта 240 арнайы қоқыс төгілетін орын бар. Оның тек 134-і  экологиялық заңнама талаптарын сақтап отыр. Облыс көлемінде жылына 200 мың тоннадан астам қоқыс жиналады.Соның 27,6 пайызы ғана өңделеді.

7 тонна қоқыс шаһар шетіндегі осы зауытта  өңделеді. Қауіпті және қауіпсіз қалдықты қайта өңдеуге сертификат алған жалғыз кәсіпорын.

ЮРИЙ ЩЕПЕТКОВ, ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Шағын ұйымдар өздері әкеледі. Лисаковск, Рудный, Жітіқара, Қамысты және тағы да басқа аудандармен бірлесіп жұмыс істейміз.  Қалдықтарды өртейтін пеш бар. Сағатына 500 келі қоқысты жағамыз. 

Зауытта сынап шамдары мен термометр, пайдаланылған және мерзімі өткен медициналық қалдықтар қайта өңделеді.Полиэтиленнен тракторға арналған жанар-жағармай бактарын шығарады. Дайын өнім жергілікті  машина құрастыру зауытына жөнелтіледі.  

ӘМІР ОРАЗАҚОВ, ПОЛИМЕР ЦЕХЫНЫҢ ШЕБЕРІ:

Мында ротациялық форматтау станогы тұр. Осы станокта біз түрлі өнімдер шығара аламыз.Жұмыс кестесіне келсек, бізде ауысымдар қарастырылған. Бірақ қазір 8 сағат жұмыс істейміз. Бұл станокта жұмыс істеуді алдымен өзім Түркияда үйрендім. Кейін келіп басқаларына оқыттық. Сертификаттары бар. Станок жөнінде айтар болсақ, бұл жабдықпен өнімдердің көп түрін жасауға мүмкіндік бар. Ол су құюға арналған үлкен бәктен бастап басқа да заттарға дейін, мысалы, қоқыс, жанармай бәктерін жасауға болады.

Тұрмыстық қалдықты игеру мақсатында келесі жылы 7 жоба іске аспақ. Зауыттар Рудный мен Қостанай қаласында салынады. Жылына 15 мың тонна қағаз, 2 мың тонна картонды қайта өңдейтін өндіріс ошақтары бой көтереді.Жергілікті билік қалдық өңдейтін кәсіпорындар ашу арқылы экологиялық мәселені реттеуді көздеп отыр.