Тәуелсіздік күніне орай ерекше челлендж басталды

  • AstanaTV
  • 11 желтоқсан 2025

Елімізде ерекше челлендж басталды. Тәуелсіздік күніне орай дүкендер мен сауда орындарын ұлттық нақышта безендіру  кеңінен таралуда.  Әлеуметтік желілерде бастау алған бұл үрдіс мереке қарсаңында қалалар мен ауылдарға ерекше сән беріп, патриоттық рухты күшейте түседі. 

АЙҒАНЫМ ТҰРЫСБЕК, ТІЛШІ:

Көк тудың желбірегені жаныма қуат береді. Соңғы күндері  қазақстандықтар әлеуметтік желіде дәл осылай ұрандап жүр. Тәуелсіздік күніне орай халық арасында көк ту челленджі тарады. Бұл ерекше дәстүр дәл осы дүкенен басталған.

БЛИЦ:

- Кеше көрдім осыны. Бүгін жұмыстан кейін специально левый берегтен келдім. 20 жыл Астанада тұрамыз. Бірінші рет осындай магазин көріп тұрмыз.

- Алдыңғы аптада келгенбіз. Бұндай болмап еді. Таңғалып тұрмын. Керемет

- Көңіл күйімді көтерді. Әдемі екен. Кім істесе де керемет.

Кәсіпкер дүкенді безендіруге 7 күн уақыт кетті дейді.

ДОСЖАН ӘШІМ, КӘСІПКЕР:

10 адамнан көп адам жасадық. Осы тұрғанда 4000 шар мен 1000 жуық туымыз тұр.

Бұл  бастама Оралда, Байтерек ауданы, Мичурин ауылында жалғасын тапты.  Онда дүкен ғимаратының сыртынан бастап ішіне дейін ұлттық нақыштармен безендірілген. Дүкен сатушылары ұлттық киім киген.   

ГҮЛДАНА МҰХАМБЕТОВА, КӘСІПКЕР:

Мерекемізді бірінші орында дәріптеуміз керек деп есептеймін. Мақсатымыз да сол - кез келген қазаққа, қазақстандықтың жүрегіне патриотттық махаббат дәнін ексек, сол біздің мақсатымыздың орындалғаны деп білемін.

Бүгінде бұл бастама Қазақстанның түрлі аймақтарында қарқын алып, кәсіпкерлер дүкен, мейрамхана және сауда нысандарын мемлекеттік рәміздермен, ұлттық элементтермен безендіріп жатыр. Тіпті тұрғын үйлердің кіреберістері де ерекше безендірілген. Елордалық кофеханалар  тумен келгендерге тегін кофе, ал ұлттық киіммен келгендерге жеңілдіктер ұсынып, мерекелік көңіл-күйді еселей түсті. Желі қолданушылары да бұл бастаманы қолдап, кәсіпкерлерге алғыс білдіруде.