Қазақстан үстел теннисінен Сауд Арабиясындағы турнирде тоғыз медаль еншіледі

Фото: olympic.kz

Сауд Арабиясының Даммам қаласында үстел теннисінен WTA Youth Contender атты ірі халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Astana TV.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы тоғыз медаль еншіледі.

U11, жекелей сын

2-орын - Аделя Әлжанова;

3-орын - Шохина Миркодирова.

U13, жекелей сын

1-орын - Жәния Бекмұхамбетова.

U15, жекелей сын

2-орын - Алексей Маркин.

U15, аралас жұптық сын

1-орын - Алексей Маркин / Айназ Әділгереева;

2-орын - Кирилл Берников / Арайлым Сапабек;

3-орын - Дагир Данияров / Жәния Бекмұхамбетова.

U19, аралас жұптық сын

1-орын - Абдулла Мамай / Алиса Цвигун;

3-орын - Нұрбол Тоқтамыс / Елизавета Лаврова.