Қарағандылық спортшы Умар Умар Имендинов тағы да Американы бағындырды

Қарағандылық спортшы Умар Умар Имендинов тағы да Американы бағындырды. Ол Техас штатының  Даллас қаласында  Grappling , NAGA' күресінен өткен Әлем Чемпионатында жеңіске жетті. Сөйтіп жерлесіміз 4- інші рет Әлем Чемпионы атанды. Жарысқа әлемнің түкпір- түкпірінен жүздеген үздік палуан қатысқан. Умар Имендинов олардың арасынан топ жарып еліміздің көк байрағын желбіретті. Чемпионатқа Қазақстан туын спортшы арнайы сатып алыпты. Умар Имендинов- спорт шебері, ММА кәсіби күресші, қазіргі ҚарҰУ-нің түлегі, мамандығы заңгер. Бразиялық джиу-джитсу бойынша үш дүркін Әлем Чемпионы, Панкратион бойынша Қазақстан Чемпионы, Не-ваза джиу-джитсу бойынша екі мәрте Қазақстан Чемпионы, еркін қол күресі бойынша Қазақстан чемпионы.