Ұлттық тауарлар каталогында 15 млн жуық тауар тіркелген – Қаржы министрлігі

Қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов атап өткендей, ҰТК енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні негізгі тауар каталогтары біріктірілді, ҰТК базасында шамамен 15 млн тауар бар. Бұдан бөлек, API-сервистер жасалды.

«Біз көптеген өтінімдерді өңдейтін жасанды интеллект қолданамыз. Бүгінгі күні номенклатура бойынша шамамен 749 мың өтінім бар және ол модерацияда тұр», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


Оның айтуынша, ҰТК дерекқорының жүйесі келесі жылы тәжірибе түрінде пайдаланылады. Ал бизнес өкілдерімен бірлесіп толықтырылғаннан кейін өнеркәсіптік пайдалануға енгізіледі.