Қарағанды облысында теміржол өткелінде пойыз бен жеңіл көлік соғылды. Көлік жүргізушісі пойыз жолын кесіп өтпек болған. Жүк пойызының машинисі жедел тоқтауға тырысқанымен көлікті соғып барып тоқтаған. Салдарынан жүргізуші мен көліктегі 4 жолаушы зардап шекті. Оның біреуі – бала.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«Қарағанды-Сұрыптау – Құлайғыр» теміржол учаскесінде Audi автокөлігінің жүк көлігімен соқтығысуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес жұргізуші тыйым салатын сигналдарға қарамастан теміржол өткеліне кіріп кеткен. Қазір полиция тарапынан оқиғаның барлық мән- жайын анықтауға бағытталған жан- жақты тергеу жүргізілуде.