Астанада Мағжан Жұмабаев көшесі бойындағы екі қабатты ғимаратқа жапсарласа салынған тандырхана өртенді. Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері келгенге дейін тұрмыстық газ баллонындағы газ-ауа қоспасының тұтануы салдарынан жарылыс болып, тандырхананың бір бөлігі қираған. Құтқарушылар бес газ баллонын сыртқа шығарды. 4 адам зардап шеккен. Оның біреуі-бала.
РУСЛАН БОТАЕВ, №1 АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ:
2 адам реанимация бөлімінде. Оларға жедел күйікке қарсы көмек көрсетілді. Науқас денесінің 40–75% аумағын термиялық күйіктер шалған. Күйіктік шок және жалпы жағдайдың ауырлығы байқалады. Қарсы-шок терапиясы, күйікке арналған емдер жүргізілуде. шұғыл хирургия бөлімшесіне дене бетінің алты пайызын қамтыған жалыннан болған термиялық күйіктермен бір науқас госпитализацияланды. Ол инфузиялық терапия және жараларға жергілікті ем қабылдап жатыр.