Оралда ВИЧ жұқтырғандар көбейген

Оралда ВИЧ жұқтырғандар көбейген. Жыл басынан бері 61 адамнан осы дерттің белгісі табылды. Бұл былтырғыдан 8 адамға көп. Айықпас ауру жұқтырғандардың ішінде тіпті зейнетке шыққан қариялар мен әскерилер де бар. Алыс ауылдардың тұрғындарынан да АИТВ анықталыпты. Бәрі де серілік құрамыз деп сергелдеңге түскендер, дейді мамандар. Олар көрсеткіштің көбеюін кеселді тексеру және анықтау жұмыстарының жолға қойылғанымен түсіндіреді. Науқастардың дені - 20-40 жас аралығындағы азаматтар. Аурудың инемен таралуы азайғанымен, жыныстық жолмен жұқтыру дерегі көбейген.

АЛМАГҮЛ МАНТАКОВА, БҚО АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қаншама түсініктеме жұмыстары жүргізіліп жатыр, бірақ жастар оған қарамастан, бәрібір жұқтырады. Олармен әңгімелесіп біздер сұраймыз, АИТВ, ЖИТС туралы естіген шығарсың десек, олар айтады: естідік дейді, жұғу жолдарын білеміз дейді. Сонда сіз неге осындай жағдаймен неге келдің дегенде, олар айтады: біздер ойладық, ол жағдайға біздер түспейміз деп.