«Рухтастар» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астанада дәстүрлі «Рухтастар» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жүлде қоғамдық қызмет пен жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі бар белсенділерге берілді. Абыройлы сыйлық 8 номинация бойынша үздіктерге табысталды. «Нұрлы ақылы» бар ғалым мен  «ыстық қайратты» еңбек адамының, «жылы жүректі» волонтер мен жылдың «қайсар»  батырының еңбегі ескерусіз қалмады. 

ЕРАСЫЛ ОМАРХАНОВ, «РУХТАСТАР» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ:

Мамыр айында суға батып бара жатқан  5 жасар баланы құтқарып қалдым. Оқыс оқиға Өскеменнің Үлбі өзенінде болды. Сол кездегі ерлігіме бола бүгін жылдың «Қайсар батыры» атандым. Қуаныштымын. Бұл жастар үшін мықты мотивация.

СЕКСЕНБЕК БАЙМҰРАТ, «РУХТАСТАР» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ:

«Белсенді рухтас» номинациясын алдым. Өте қуаныштымын. Ақмола облысы, Көкшетау қаласының белсендісімін. Осы менің жемісім менің қасымдағы әріптестерім, активистерімнің жемісі деп есептеймін.

«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырған байқау осымен бесінші жыл қатар үздіктерді анықтады. Байқауда 18 бен 35 аралығындағы жастар бақ сынаған.  Жеңімпаздарға арнайы статуэткалар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.    

АҚЕРКЕ ИСКАНДЕРОВА, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

500-ге жуық өтінім түсіп, солардың арасында үздіктер анықталды. Және де әрине Жастар рухының қызметін бір жыл бойы атқарып келген жастар үшін де арнайы номинациялар бар. Ол 20 облыстан үздік рухтастарымыз анықталып, сонымен қатар үздік бөлімше және үздік филиал марапатталады.