Жеті жыл жертөледе тұрған жеті баласы бар отбасы баспанаға ие болды. Мектепте тазалықшы болып жұмыс істеп жан бағып жүрген көпбалалы ананың мәселесін кәсіпкерлер естіп, жедел көмек көрсеткен.
Рауана Бахтиярова шиеттей бала шағасымен Астанаға армандарымызды орындаймыз,жағдайымызды жасаймыз деп 2018-жылы көшіп келген. Алайда арман адастырды ма, ешкім қараспады ма елордаға аяғы тигелі дәл осы жертөледе тұрып келеді. Бұл жертөле күйеуінің жұмыс орынынан берілген. Барар жер басар тауы болмаған соң осы аядай ғана жерді пана тұтуған мәжбүр болыпты. Жертөледе бетон үстінде отырған бала шаға жиі ауыратын көрінеді.
РАУАНА БАХТИЯРОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:
Барынша есікті жабады, ананың бәрін жабады түнде жатар кезде сәл сәл жылытады.Ол өзі болған кезде. Осы КСК- да жұмыс жасайды ғой жүрген шығар осы подъезд подъезбен светтерін жөндеп жүреді.
Балаларының үлкені студент, кішісі 10 айлық. Кәріз құбырының қасында, электр сымдарының арасында өмір сүріп жатқан балаларға бұл жер қауіпті. Кейде тұрғын үйдің толған кәрізі осы жертөлеге төгіледі екен. Сыныптастарынан ұялатын ұл- қыздары мұнда тығылып кіреді. Көпбалалы ананың жанайқайы әлеуметтік желіде тараған. Бұны көрген "G- PARK" құрылыс компаниясы үйелмелі-сүйелмелі отбасына 3- бөлмелі пәтерді сыйға тартты.
АЛМАГҮЛ ҚОҢЫРБАЙ, "G - PARK" ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
Осындай семьяның, осындай қиын жағдайға тап болғанын білген кезде компания атынан осындай 3 бөлмелі пәтер сыйлауға шешім қабылдадық. Сосын компанияда көптеген кішігірім компаниялар атынан, олар да ремонт жасап береміз, жаңа жылға дейін тырысып, ремонтын бітіріп, осы семьяны баспаналы қылуға тырысамыз. Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында осы семьяны тәуелсіз баспаналы қылуға қуаныштымыз.
Жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алатын балалардың қуанышында шек жоқ. Түсінде көрген баспанасын өңінде алғанына бек қуанышты. Жақсы бастамаға мұрындық болған құрылыс компаниясының бұл ісі өзгелерге өнеге болды. Жаны жомарт, жүрегі жылы жандардың бар екенін көрсетті.