Елімізде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 540 нысан салынды

Елімізде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 540 нысан салынған. Жобаны алғашқылардың бірі болып Қызылорда облысы жүзеге асырды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аймақта соңғы 2 жылда 23 млрд теңгеге 28 медициналық нысан салынған.  Бұрын көптеген шалғай елдімекен халқы ескі, ешбір талапқа сай келмейтін апатты нысандарда емделетін. Кейбірі басы ауырып, балтыры сыздаса облыс орталығына шабылатын. Енді мәселе артта қалып, дәрігерлік амбулаториялар, оңалту орталықтары, ауруханаларға заман табалабына сай  қосымша ғимараттар да пайдалануға берілген. Қазіргі таңда соңғы үлгідегі медициналық құрыл-жабдықтар алу жұмыстары  жолға қойылуда.  

ОЛЖАС ЫСҚАҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Ұлттық жобаның несібесін 2 жылда халқымыз көріп жатыр, елді мекендер сезініп жатыр. Оңалтуға арналған кабинеттер де бар. аудан деңгейінде жүргізілетін тексеруге арналған қондырғылар да бар. бәрі ауыл халқына тиісті, сапалы медициналық көмекті жақсарту үшін жасалған жұмыс.