Алматыда әлеуметтік желіде тыйым салынған жарнаманы таратқан әйел ұсталды

Алматыда әлеуметтік желіде тыйым салынған жарнаманы таратқан күдікті ұсталды. Алматы қаласының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында интернет кеңістігінде тыйым салынған ресурстың жарнамасын таратқан әйелді ұстады.

- Желіде заңмен тыйым салынған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетін ауыр құқық бұзушылық. Біздің міндетіміз мұндай әрекеттерді ерте кезеңде анықтап, жолын кесу және азаматтарға келуі мүмкін кез келген қауіптің алдын алу. Полиция интернет кеңістігіндегі тәртіпті бақылау бойынша жұмысты жалғастыруда және тұрғындарды күмән тудыратын парақшалар мен мазмұн туралы дереу хабарлауға шақырады, – деді Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.